• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2014

Ауыр салмақты көліктердің жүруіне уақытша шектеулер енгізіледі

396 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 мамыр. 8 тоннадан асатын жүк көтеретін ауыр салмақты көліктердің қозғалысына жазғы кезеңге орай шектеулер қойылды.  Бұл туралы  Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ауыр  салмақты жүк көліктерінің қозғалысына  шектеулер Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары үшін 1 маусым мен 30 тамыз аралығында қойылады. Ал,  Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында аталған шектеулер 1 маусымнан 15 тамызға дейін енгізілмек. Хабарламада айтылғандай, бұл шара жалпы қолданыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының беткі жабындысын сақтау мақсатында қолға алынып отыр.  Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Болат Смағұлының сөзіне қарағанда, мұндай шектеулер жыл сайын жазғы кезеңде жолдың жоғарғы төсемін сақтау мақсатында енгізіледі, өйткені, температура +25 градустан асқанда асфальт қызып, ауыр жүкке шыдас бермейтін көрінеді. Соның салдарынан ауыр салмақты көлік жүріп өткенде жол жамылғысы бұзылады. Бұл арада қозғалыс шектеулері түн мезгілінде қойылмайтынын айта кетейік. Дәлірегі, жүк көліктерінің қозғалысына шектеу оңтүстікте сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін, ал солтүстік және орталық облыстарда 11-00-ден 21-00 аралығында қойылады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: mtc.kz. Фото: 1zoom.ru.