6 қазан күні Астанада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Партия Төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV Съезді 6 қазан күні Астана қаласына шақыру туралы Қаулыға қол қойды.
Съезд жұмысына Қазақстанның барлық аймағынан делегаттар жұмылдырылады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды.
Гүлім Садырбек