АСТАНА. 19 мамыр. Бүгін Президент Қытайдың Шанхай қаласына ат басын тіреді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы сапар барысында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен және бірқатар қытайлық компаниялар басшыларымен кездесу өткізеді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV Саммитіне қатысады.
Бұл жиында тұрақтылықты нығайту және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланбақ.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: akorda.kz.
Фото: newskaz.ru.