• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2022

Қарияларды құрметтеуге шақырады

364 рет
көрсетілді

Қазанның басында аталып өтетін Қарттар күнінің жыл өткен са­йын маңызы артып, ауқымы кеңейіп келеді. Қариялардың қадірін ұқтыратын даталы күн қарсаңында елімізде ұлағатты іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Соның бір­қа­тарына «Ардагерлер ұйымы» рес­пуб­ли­калық қоғамдық бір­лес­тігі ұйытқы болып, қазан айы «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлығына ұласады.

Аталған ұйым осы дәстү­рі­нен айнымай, биыл да ір­гелі іс-шараларды қолға алып отыр. Мақсаты – әрине, қарияларды қолдау, оларға шынайы көңіл бөлу, қамқорлық көрсету. Бұл – түсіне білгенге аға буын ал­дын­да­ғы парызымыздың бұл­­жымас бір бөлігі. Шау тарт­қан шағында жылулық пен мейірімге зәру келетін қа­зы­­наларымыздың ел игі­лі­гіне жасаған еселі еңбегі де еш­қашан ескерусіз қалмай­ты­ны содан болса керек.

Осы орайда «Ардагерлер ұйы­­мы» рес­­публикалық қо­­ғам­­дық бірлестігі барлық қа­зақстандықты, жұмыс беру­ші­лерді, бизнес құ­рылым өкіл­дерін, аға буынның ел игі­лі­гіне қосқан еселі еңбегін ұлық­­тауға, «Қарттарымызды қам­­­қор­лай жүрейік» акция­сына бел­сенді атсалысуға ша­қы­ра­ды. Халқымыздың дәс­түрінде үл­кен­ді сыйлап, ақылын тың­дап, ал­дынан кесе көлденең өтпе­ген. Сондықтан елімізде қарт адам­дар­ға деген қамқорлық жыл са­йын артып ке­леді. Бұл игі де өне­гелі дәс­тү­р­дің тамаша үл­гі­сі­не биыл да куә боламыз деген үміт зор.