• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қыркүйек, 2022

Бубликте ілгерілеу бар

102 рет
көрсетілді

Өткен аптамен салыстырғанда Қазақ­станның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина WTA-ның жаңартылған рей­тингінде үш сатыға төмендеп, қазіргі кезде 25-орынды иеленген.

Юлия Путинцева 46-орынға тұрақтаса, Зарина Диас 352-орынды қанағат тұтуда. Ал үздіктер тізімінің алдыңғы легінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Польшалық Ига Свентек жеке-дара көш бастап тұрса, ТОП – 10 ойыншының қатарында Онс Жабер (Тунис), Паула Бадоса (Испания), Анетт Контавейт (Эстония), Джессика Пегула (АҚШ), Арина Соболенко (Беларусь), Ма­рия Саккари (Грекия), Коко Гауфф (АҚШ), Симона Халеп (Румыния) және Каролин Гарсия (Франция) бар.

Францияның Метц қаласында өткен турнирде финалға дейін жеткен Александр Бублик әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартты. Бүгінгі таңда ол 41-орынды еншілеуде. Михаил Кукушкин 218-орынды иемденсе, Тимофей Скатов 140-сатыға жайғасты. Ал АТР-дің үздіктер тізіміне Карлос Алькарас (Испания), Рафаэль На­даль (Испания), Каспер Рууд (Норвегия), Да­ниил Медведев (Ресей), Алексндр Зверев (Гер­мания), Стефанос Циципас (Грекия), Новак Джокович (Сербия), Кэмерон Норри (Ұлыбритания), Андрей Рублев (Ресей) және Хуберт Хуркач (Польша) бар.