• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 28 Қыркүйек, 2022

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

336 рет
көрсетілді

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын жауып, батыста және оңтүстік-шығыста, сондай-ақ таулы аймақтарда жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

«Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, батыста – найзағай, шаңды дауыл, солтүстікте – тұман, көктайғақ күтіледі», делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, ауа температурасы күндіз 20-22 градус жылы болады, желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді.

Елордада жауын-шашынды ауа райы сақталады. Ауа температурасы 2-4 градус жылы болады, желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді.