• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Қыркүйек, 2022

Елорда жәрмеңкесінде ШҚО мен Абай облысының өнімдері ұсынылады

356 рет
көрсетілді

Қазанның 1 және 2 күндері елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы елорда тұрғындары Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының тауарларын сатып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары елорда тұрғындары мен қонақтарына жоғары сапалы, экологиялық таза өнімдер ұсынады. Қос өңірдің шаруалары 282 тоннаны құрайтын 70-тен астам тауар түрін әкеледі деп күтілуде.

Оның ішінде: 91 тонна картоп пен көкөніс, 59,9 тонна бал, 48,8 тонна ет, 17 тонна күнбағыс майы, 13 тонна бақша дақылдары, 8 тонна сүт өнімдері, 7,5 тонна балық өнімдері, 5 тонна құс еті, 5 тоннадан астам қымыз және панты өнімдері, 4 тонна ұлттық тағамдар және 3 тонна шұжық өнімдері бар.

Әкімдіктің хабарлауынша, барлық өнімдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді және сатушыларда өнімдердің шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болады.

Сондай-ақ жәрмеңке аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалды.

Айта кетсек, аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде тауарлардың бағасы нарықтық бағадан 10-20%-ға төмен болады.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбіде 30 қазанға дейін өтеді. Өтетін орны: Тұран 48 мекенжайы бойынша орналасқан «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң.

8-9 қазан күндері Астанаға Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кәсіпкерлері келеді.