ҰҚШҰ ұжымдық күштері бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу үшін Қазақстанға жіберіледі. Олардың қозғалысы теміржол, әуе көлігімен және әскери техникамен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство азаматтарды әлеуметтік желілерде тарап жатқан қауесеттерге сенбеуге шақырады.
Айта кетейік, жаттығудың белсенді кезеңі «Матыбұлақ» полигонында 3-7 қазан аралығында өткізіледі.
ҰҚШҰ әскерлерінің практикалық іс-қимылдары таулы-шөлді жерлердің қиын жағдайларында орындалады.
Қазақстанда оқу-жаттығуларға қатысушылардың жалпы саны 6500-ден астам адамды және 850-ден астам әскери және арнайы техниканы, оның ішінде ұшақтарды, тікұшақтарды және ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрайды деп жоспарлануда.