• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 29 Қыркүйек, 2022

Президент жанындағы Комиссия Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының ұсынымдарын қарады

373 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Еран Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыста Еуропа/ГРЕКО Кеңесі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының ұсыныстары талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын одан әрі енгізу мақсатында ГРЕКО-мен сындарлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге баса назар аударылды.

Мемлекеттік кеңесші шетелдік сарапшылар енгізген ұсынымдарды пысықтау және оларды іске асырудың пәрменді тетіктерін әзірлеу жөніндегі қызметті жандандыру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ отырыста көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар талқыланды.

Талқылауды ескере отырып, комиссия қаралған мәселелер бойынша нақты ұсынымдар әзірледі.