• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қыркүйек, 2022

Оқушылар дұрыс тамақтанбайды

211 рет
көрсетілді

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту мәселесі күн тәртібінен түспеуге тиіс. Өйткені баланың дұрыс тамақтануы денсаулықтың кепілі болмақ. Алайда, өңірлердегі жағдай мәз емес. Мысалы, Алматы облысының бірқатар ауданындағы мектептерде баланың ыстық тамағы үшін бөлінген қаржы 500 теңге ғана екен.

Бұл жағдайға жақында об­лыстың Еңбекшіқазақ, Іле, Қа­расай, Талғар аудандары мен Қонаев қаласындағы бірнеше мектептердегі асханалардың жұмысын тесерген мәслихат депуттарының өздері куә болды.

– Оқушының бір күндік ыстық тамақпен қамтылу құны 500 теңге көлемінде. Бұ­ған мұқтаж отбасының балалары үшін асхананы жалға алу­шының есебінен тегін тамақ ұйымдастырылады. Бүгінде балаларды ыстық тамақпен қамту мәселесінде бірқатар мәселе туындап отырғанын жасырмау керек. Осы мәселені шешу үшін білім беру орындарына мәслихаттың арнайы комиссиясын шақырып, жағдайды таныс­тырып тұрамыз, – дейді Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева.

Балалардың дұрыс тамақ­­танбауы салдарынан сома­ти­калық аурулар­дың үлесі артып келеді. Облыстық эпи­де­миологиялық бақылау депар­таментінің инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Индира Күнбасованың айтуынша, облыстағы оқушылар арасында анемия, гастрит және дуоденит, асқазанның функ­ционалдық бұзылуы, ас қорыту жүйесінің аурулары сияқты дертке шалдыққандар көбейген.

 

Алматы облысы