• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 30 Қыркүйек, 2022

«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына» қатысты тергеу жүріп жатыр

261 рет
көрсетілді

Бұл туралы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізген Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ және «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС қызметінің мәселелері қаралды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров қазіргі уақытта монополиялық жоғары баға қою, үстем жағдайды асыра пайдалану белгілері бойынша «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оның айтуынша, ведомство «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты сұйытылған мұнай газына монополиялық жоғары баға белгілеу және ауыстырып тиеу, сақтау қызметтері мәселесі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Премьер-Министр осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды және оның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар дайындап, комиссия қарауына шығаруды тапсырды.