• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қыркүйек, 2022

Президент Абай облысында қоқыс жинайтын жаңа полигон салуды тапсырды

256 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы халықаралық стандартқа және экологиялық нормаларға сай келетін қоқыс жинайтын жаңа полигон салуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Халықаралық стандартқа және экологиялық нормаларға сай келетін қоқыс жинайтын жаңа полигон салу керек. Бұл жұмыс облыс әкімінің жеке бақылауында болуға тиіс», деді Президент.

Осы орайда ол Энергетика министрлігі Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң жобасын әзірлегенін еске салды.

«Биылғы сәуір айында бұл жобаны Мәжіліс мақұлдады. Енді оны тезірек қабылдап, таза жерді ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға беру керек», деді Мемлекет басшысы.