• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қыркүйек, 2022

Жастардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруіміз керек - Президент

592 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Абай облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі қоғамда адамдардың бір-біріне деген құрметі мен сенімі азайып бара жатыр. Бұл – өте қауіпті. Қатігездік пен сенімсіздік, немқұрайлылық, енжарлық – халықты жарға жығатын жағымсыз әдеттер. Біз ел боламыз десек, ең алдымен, жастардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруіміз керек», деді Президент.

Сондай-ақ ол өзара тілектестік пен бауырмалдықты әрдайым дәріптеу керегін айтты.

«Мұны Абайдан артық айтқан ешкім жоқ. Ұлы ойшылдың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген өсиетін ұмытпайық, ағайын!» деді Мемлекет басшысы.