• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 30 Қыркүйек, 2022

Дәлелхан Жаналтайдың 100 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті

1160 рет
көрсетілді

Бүгін «Отандастар қоры» Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен бірлесіп «Архив және қоғам. Тәуелсіз Қазақстан тұлғалары: Дәлелхан Жаналтай» тақырыбындағы дөңгелек үстелі мен тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырды. Іс-шара Ұлттық академиялық кітапханада өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті өкілі, қоғамдық-саяси қайраткер Дәлелхан Жаналтайдың (1922-2012) дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналған. Көрмеде ұсынылған архивтік құжаттар Қазақстан Республикасы Президенті Архивіндегі Д. Жаналтайдың жеке қорында мемлекеттік сақтауда орналасқан.

Дәлелхан Жаналтай 1922 жылы 15 маусымда Алтай ауданы (қазіргі Қытай Халық Республикасы, Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы) Алтай аймағындағы Өрмегейті жайлауында дүниеге келген. Дiни медресенi бiтiріп, 1937 жылы әкесiмен бiрге қaжылық парызын өтеген. 1940 жылдан бастап қоғамдық қызметке кіріскен. 60-шы жылдары Турцияға қоныс аударған.

Д.Жаналтай «Қилы заман, қиын күндер» романының авторы. Ол оқу-ағарту жұмыстарымен қатар, қазақтардың, қырғыздар мен ұйғырлардың құқықтық қорғау қызметтерімен айналысқан. Дәлелхан Жаналтай көп тілді меңгерген, aнa тiлімен қатар aрaб, қытaй, орыс, aғылшын, урду және түркi тiлдерiн еркін білген.

Дөңгелек үстел жұмысына шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті қайраткерлері, Қазақстанға оралған қандастар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Дәлелхан Жанымханұлы Жаналтайдың туыстары қатысты.