Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағанды облысының прокуратурасы хабарланғандай, кадрлық өзгерістер Саран қаласы, Бұқар жырау және Нұра аудандары мен Қарағанды облысының мекемелеріндегі қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратурасында болды.
Саран қаласының прокуроры әділет кеңесшісі Накишев Жанқозы Олжабайұлы болды. Еңбек жолын 2001 жылы Жезқазған қаласы прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы болып бастаған.
Жезқазған қаласы прокурорының аға көмекшісі, Балқаш қаласы прокурорының орынбасары, Теміртау қаласы прокурорының орынбасары, Сәтбаев қаласының прокуроры қызметтерін атқарған.
2017 жылдан бері Бұқар жырау ауданының прокуроры. Прокуратура органдарында 20 жылдан астам еңбек өтілі.
Бұқар жырау ауданының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Кервенов Нариман Бекұлы тағайындалды.
Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды қаласы Октябрь ауданы бойынша бөлімінде тергеуші болып бастады.
Қаражал қаласының прокуроры, облыс прокуратурасы басқармасының бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
2018 жылдан бастап Қарағанды облысының мекемелерінде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор қызметін атқарды. Прокуратура органдарында 25 жылдан астам еңбек етті.
Нұра ауданының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Қалиакпаров Марғұлан Климұлы тағайындалды.
Еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық ішкі істер бөлімі анықтау бөлімінің міндетін атқарушы болып бастаған.
Бұқар жырау облысы прокурорының міндетін атқарушы болып қызмет атқарған. 2017 жылдан бастап Саран қаласының прокуроры. Прокуратура органдарында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Қарағанды облысының мекемелерінде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратураға әділет кеңесшісі Сәттібаев Дәулет Қайырұлы тағайындалды.
Еңбек жолын 2007 жылы Павлодар облысы Ішкі істер департаменті қалалық бөлімінің тергеушісі болып бастады. Облыс прокуратурасының түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау бойынша Павлодар мамандандырылған прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы, Павлодар қаласы прокурорының аға көмекшісі болып қызмет атқарды.
2017 жылдан бастап Нұра ауданының прокуроры болған. Прокуратура органдарында 15 жылдан астам еңбек өтілі бар.