Қайғылы оқиға 1 қазан күні кешке Алматы облысының Іле ауданында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 жастағы жүргізуші Алматы-Өскемен тас жолының бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. 19-шақырымда дөңгелек кедергісін басып өткенде рульді басқара алмай, көлік аударылып қалған. Алған жарақаттарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, ал оның 59 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды», деді Алматы облысы ДП баспасөз қызметінен.