Қазақстанда қабырғалық материалдардың ірі өндірушісі - «Ecoton» компания тобы Өзбекстанда газобетон өндіретін зауыт ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ecoton Sharq» өндірістік алаңы Ташкент облысының Ангрен қаласында, Өзбекстан астанасынан 80 шақырым жерде пайдалануға берілді. Жобаға 12 млн АҚШ доллары инвестицияланған. Жаңа зауыт жылына 300 мың текше метр, атап айтқанда 5000 жайлы үйдің салуына ауқымы жетерлік өнім шығарады деп күтілуде.
Зауыттың ашылу салтанатына Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының ресми тұлғалары, сондай-ақ екі елдің ірі құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.
Сөз сөйлеу барысында «Ecoton» компания тобының басшысы Бауыржан Баймұханов зауыттың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жаңа серпін беретінін және Өзбекстанның және басқа Орталық Азия елдерінің құрылыс нарығындағы экологиялық қабырға материалдарына сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Зауыттың ашылу салтанатынан кейін қонақтар өндірістік алаңдарды аралап, құрылыс материалдарын шығару процесімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Ангрендегі зауыт «Ecoton» компаниясы үшін алтыншы жоба болды. Бүгінде оның құрамында Қазақстанның Ақтөбе, Астана, Қандыағаш және Алға қалаларында өндірістік алаңдары бар. Қазақстандағы «Ecoton» компаниялар тобының автоклавты газобетон өндіретін зауыттарының өндірістік қуаты жылына 550 мың текше метрді құрайды, бұл жылына 1 млн шаршы метрге тең.
Айта кетсек, «Ecoton» АҚ зауыты құрылыс нарығының ең жоғары талаптарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылыс материалдарын өндіру бойынша Қазақстанның инновациялық-технологиялық даму бағдарламасы шеңберінде іске асырылды. Бүгінгі таңда кәсіпорын өнімі - жоғары сапалы құрылыс материалдарының ұлттық бренді.