• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 03 Қазан, 2022

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

112 рет
көрсетілді

Республиканың бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 4 қазанда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

4-6 қазанда Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. 

4 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында жел екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с болады.