• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қазан, 2022

Елшімен кездесті

171 рет
көрсетілді

Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесу өткізді.

Т.Дүйсенова министрліктің ақпа­раттық жүйелері, мүгедектігі бар адамдарды сырттай куәландыруды және От­ба­сының цифрлық картасын енгізу, әлеу­меттік қолдаудың жаңа шаралары және Әлеуметтік кодекс жобасы шең­бе­рінде көзделген жұмыспен қамту сала­сындағы жаңа саясат туралы хабардар етті.

Тараптар мемлекеттік көрсетілетін қыз­­меттерді автоматтандыру мен цифр­­лан­­дыру, Қазақстандағы шетел аза­мат­тар­ын және шетелдегі Қазақ­стан аза­мат­тар­ын жұмыспен қамту мәсе­лелерін тал­қылады.

Д.Дюшекеев Қазақстанның әлеу­меттік-еңбек саласындағы мемле­кет­тік қызметтерді цифрландыру және элек­трондық еңбек биржасы базасындағы жұмыс­пен қамту қызметтерінің супер­мар­кетін қалыптастыру жөніндегі үздік тәжірибесіне қызығушылық таныт- ты.

Сонымен қатар министр мен Елші екі ел арасындағы зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселесін қарастырды.