• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қазан, 2022

Қазақстан азаматтығын алуға өтініш берген ресейліктер саны белгілі болды

263 рет
көрсетілді

Қазақстан азаматтығын алуға 68 ресейлік өтініш берді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан азаматтығын алуға небәрі 68 өтініш түсті. Азаматтық алудың белгілі бір жолдары бар, олар алдымен солардан өтеді», деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін.

Сонымен қатар министр шетелдік азаматтар қандай жағдайда Қазақстаннан шығарылуы мүмкін деген сұраққа жауап берді.

«Ұстап беру және экстрадициялау тәртібі бар, барлығы біздің заңнамамен реттеледі. Басқа негіздер шығаруды көздемейді. Экстрадициялауға не негіз бола алады? Қазақстан қандай жағдайда экстрадициялай алады? Бірінші себеп, сұрау салған мемлекетте оған қатысты қылмыстық іс қозғалса, ол да біздің заңнамаға сәйкес қылмыстық жазаланатын әрекет ретінде танылып, Ресей Федерациясының тиісті құзырлы органдары санкция беруі тиіс», деп түсіндірді М.Ахметжанов.

Ол экстрадициялау туралы өтінішті Ресей Федерациясының Бас прокуроры Қазақстанның Бас прокурорына жіберетінін түсіндірді.

«Құжат қабылданғаннан кейін, ол шынымен қылмыстық жазаланатын әрекетті жасады ма, бұл әрекет шынымен де заң бойынша қылмыстық құқық бұзушылық деп танылды ма деген сұрақтарды нақтылап алу қажет. Шетелдік азаматты экстрадициялау кезінде, яғни олардың босқын мәртебесі және басқа да заңды негіздері болса, біз бас тартатын белгілі бір халықаралық міндеттемелер бар», деді ІІМ басшысы.