• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 04 Қазан, 2022

Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

179 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек елдің батысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жауады.

«Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, түнде шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі», делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Жамбыл облысының таулы аудандарында, солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының орталығында 2 градусқа дейін аяз болады.

Мамандардың айтуынша, Түркістан облысының солтүстік бөлігінің тұрғындары да суық ауа райын сезеді.