5 қазанда Қазақстанның екі облысында үсік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Түнде солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында 2 градус үсік сақталады.
Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Түнде таулы аймақтарда, күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы аудандарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді