• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Руханият 05 Қазан, 2022

Президент Мәшһүр Жүсіптің озық идеялары жайлы айтты

292 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы павлодарлықтармен кездесуінде білім культі біржола орныққан ел ғана әділетті мемлекет құра алатынын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

«Осы өңірдің әйгілі перзенттері туралы айтқанда Мәшһүр Жүсіпті айналып өте алмаймыз. Оның терең ой-тұжырымдары ұрпақты ілім-білімге ұмтылуға, жаңашылдыққа жақын болуға үндейді. Ғұлама ойшылдың озық идеялары әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан бүгін ғылым мен білімнің ордасы болған өлкеден бүкіл елге білімпаздық туралы ойларымды жеткізгім келеді. Біз Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз. Ал бұл мақсатқа елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.