• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Қазан, 2022

Ауа райына байланысты төрт өңірде ескерту жарияланды

312 рет
көрсетілді

6 қазанда Қазақстанның төрт облысында жел күшейіп, үсік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады. Сонымен қатар облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстікте, батыста, облыстың таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, таулы асуларда екпіні 23 м/с жел тұрады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Түркістанда күндіз шаңды дауыл соғады. Шығыстан соғатын жел, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

6 қазанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с жел соғады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.