• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2022

«Қазығұрт» өткізу пункті бір күнге жабылады

146 рет
көрсетілді

Бұған «Узтрансгаз» Акционерлік қоғамы жүргізетін жұмыстар себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, 2022 жылғы 6 қазан сағат 09:00-ден 2022 жылғы 7 қазан сағат 09:00-ге дейін «Қазығұрт»  (Қазақстан) және «С. Наджимов» (Өзбекстан) өткізу пункттері арасында өтетін газ құбырларында су сынау жұмыстары жүргізілетіндіктен жабық болатынын хабарлады. 

Бұл жұмыстарды «Узтрансгаз» Акционерлік қоғамы жүргізеді. Осыған байланысты азаматтар мен автокөлік құралдарын өткізу пункті жабық болады.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.