Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті бір тәулікке жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«6 қазан сағат 9.00-ден 7 қазан 9.00-ге дейін «Узтрансгаз» АҚ газды гидравликалық сынақтан өткізуге байланысты «Қазығұрт» (Қазақстан) және оған жақын орналасқан С.Наджимов (Өзбекстан) өткізу пункті азаматтар мен көліктердің өтуі үшін жабылады», делінген хабарламада.
Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өзге өткізу бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады.
Жансая ӘНУАР