• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Экология 06 Қазан, 2022

Ақбөкендерді жаппай атуға жол берілмейді - министрлік

535 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ақбөкендердің санын реттеу мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақбөкендерді атуға қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұрын мен осы айдың соңына дейін шешім қабылдайтынымызды айттым. Бірақ дәл қазір біз нақты шешім қабылдаған жоқпыз», деді Серікқали Брекешев Сенатта өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, ведомство ақбөкендерді жаппай атуға жол бермейді.

«Қандай шешім болмасын, біз осы бағыттағы жұмысты келесі жылдың күзінде бастаймыз. Біз жаппай атудан бас тарттық», деп толықтырды Экология министрлігінің басшысы.