• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 06 Қазан, 2022

Мағжан Ілиясов Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалды

462 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мағжан Ілиясов 1974 жылы 26 тамызда Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультетін және Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің магистратурасын бітірген.

Дипломатиялық мансабын 1996 жылы ҚР СІМ Халықаралық ұйымдар мен халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті ретінде бастап, кейіннен атташе лауазымдында жалғастырды.

1998-1999 жылдары ҚР СІМ-нің БҰҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының үшінші, екінші хатшысы қызметтерін атқарған.

1999 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің протокол қызметінің консультанты болып жұмыс істеді.

Одан кейін 2003-2005 жылдары ҚР Президенті Кеңсесінің Ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас сарапшысы болды.

2005-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында жұмыс істеді, онда бас сарапшыдан Орталық меңгерушісі лауазымына дейін жетті.

2013-2016 жылдары ҚР Президентінің Кеңесшісі - ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болды.

2016-2020 жылдары Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы ҚР тұрақты өкілі қоса атқарушы болды.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бастап Нью-Йоркте Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі ретінде жұмыс істеді.

Ол Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие.