• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 07 Қазан, 2022

Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

515 рет
көрсетілді

Абай облысы әкімінің орынбасары болып Димитрий Гариков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыстық активке өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

Димитрий Александрович Гариков 1975 жылы Шығыс-Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында дүниеге келген. Білімі - Жоғары.

1998 жылы Семей құрылыс техникумын, 2000 жылы Д. Серікбаева атындығы Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген.  Бородулиха ауданы Бородулиха ауылының «Тұрмыс қызметі» АҚ кочегары. Бородулиха МАЗС операторы. Бородулиха ауданы әкімі аппаратының бас маманы. Бородулиха ауданы Дмитриевка ЖҚБ меңгерушісі. «Коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік коммуналдық көпсалалы кәсіпорнының бастығы.

Шығыс-Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

«ШҚО Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы. 

Кейін Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары, «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы, Семей қаласы әкімінің орынбасары, Курчатов қаласының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған. Сондай-ақ ШҚО «мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы, Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.