• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Ауа райы 09 Қазан, 2022

13 өңірде дауылды ескерту жарияланды

195 рет
көрсетілді

Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 10 қазанда Астана қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шымкентте күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыста, шығыста екпіні 15-20 м/с жел соғады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

10 қазанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс жел, 10-12 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 10-11 қазанда екпіні 23-28 м/с жел соғады. 10-12 қазанға қараған түні таулы аудандарда 3 градус аяз күтіледі. Таразда солтүстік-шығыста жел соғып, 10 қазан күні түстен кейін екпіні 15-20 м/с жетеді.

10 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыста жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады, күндіз Петропавлда екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз түседі. Түркістанда шаңды дауыл болады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.