Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы лауазымына Рустем Ворошилов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап,
Рүстем Нұраллиұлы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін, «Алматы» университетін бітірген.
Еңбек жолын «Халықаралық Алматы әуежайы» Авиа ЖЖМ АҚ қызметінің экспедиторы, «Альтернатива» өзекті зерттеулер жеке мекемесінің эксперт маманы ретінде бастаған.
2014-2016 жылдары Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас маманы.
2016-2018 жылдары Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің мониторингі бөлімінің басшысы. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары болды.