• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Егемен Қазақстан 10 Қазан, 2022

«Егемен Қазақстан» қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқудан өтті

533 рет
көрсетілді

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер бойынша офицері Жазира Жылқышиева «Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара барысында ANTIKOR өкілі Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлықпен күрес екенін атап өтті. 

Семинарда сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы салдары мен оның зияны жан-жақты талқыға түсіп, пікір алмасу алаңы құрылды.

Сонымен қатар Жазира Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі, атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу бойынша ақпарат берді.

Жиын соңында семинар қатысушыларына Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын сақтаудың маңызы түсіндірілді.