• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қазан, 2022

Ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізіледі

322 рет
көрсетілді

Бүгін Сенат Бюросының отырысы өтті. Онда 2022 жылғы 13 қазанға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы бейсенбіде депутаттар «2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.

Құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара іс-әрекеттер тетігін жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар Сенат отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралады.

Бұл Келісім жеке тұлғалардың ЕАЭО-дан тыс жерлерде қолма-қол ақша қаражатын өткізуі бойынша ақпарат алмасуды көздейді.

Сондай-ақ Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.