Экономика бойынша Нобель сыйлығы үш америкалық ғалым - Брукингс институтының профессоры Бен Бернанкке, Чикаго университетінің Дуглас Даймондқа және Сент-Люис университетінің Филип Дибвигке банк саласын және қаржылық дағдарыстардың себептері мен салдарын зерттегені үшін берілді, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
2021 жылы сыйлықты ғылыми емес болып көрінетін эксперименттерден ғылыми негізделген қорытынды жасауды ойластырған үш америкалық ғалым бөлісті.
Нобель комитеті бұл жаңалық адамзатқа қоғамдағы күрделі процестерді түсінуге және жалпы үйлесімділік пен өркендеудің ең қысқа жолын табуға көмектесті деп есептеді.
Экономика саласындағы жетістіктері үшін Нобель сыйлығы дәстүрлі түрде қазан айының басында өтетін Нобель апталығын аяқтайды.