• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қазан, 2022

Аудандық прокуратура мемлекетке жерлерді қайтаруда

204 рет
көрсетілді

Ерейментау ауданының прокуратурасының араласуымен биыл 28 531 га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары мемлекет меншігіне қайтарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, былтыр жүргізілген тексеріс нәтижесінде Ерейментау ауданының прокуратурасы 232 000 гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтаған еді.

Прокуратураның қадағалау актілері бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 2021 жылы мемлекетке кадастрлық құны 517 939 510 теңгеге тең 34 144 га ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер мемлекетке қайтарылған.

Сонымен қатар, биыл Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамнан жер учаскесі сот тәртібімен алынған.

Айта кетейік, Жер кодексінің 24-бабының 1-тармағында шетелдіктердің жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін иелене алмайтыны көзделген.

Азаматтық істі қарау нәтижелері бойынша ауданы 517 га, кадастрлық құны 88 407 000 теңге тең жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.