• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Ауа райы 10 Қазан, 2022

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

185 рет
көрсетілді

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында оңтүстік-шығыстан екпіні 15 м/с жел соғады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. 

Жетісу облысының Алакөл көлдерінде оңтүстік-шығыстан 17-22 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде облыс орталығында 15-20 м/с жел күтіледі.  Қызылорда қаласында шаңды дауыл соғады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ақтау қаласында түнде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.

Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік, батыстан соғатын желдің күші облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/с, таулы аймақтарда екпіні 23 м/с жел күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Түркістан қаласында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.