• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қазан, 2022

Қытай аумағында тағы да жер сілкінді

274 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі 11 қазанда Алматы уақыты бойынша сағат 08:35-те үшінші жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 346 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5. Магнитудасы MPV - 4.0. Эпицентр координаттары 42,11° солтүстік 80,86° E. Тереңдігі - 25 км.

Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелмеген. 

Сондай-ақ 11 қазанда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 08:07-де Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 346 шақырым жерде Қытайда екінші жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. MPV магнитудасы - 4,1. Эпицентр координаттары 42,06° солтүстік 80,83°Ш Тереңдігі - 20 км. 

Айта кетейік, жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелмеген.