• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қазан, 2022

Үкімет Отбасы банкіне 50 млрд теңгеге жуық қаражат бөледі

290 рет
көрсетілді

ҚР ИИДМ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулы дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚР Үкіметінің резервінен «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін бюджеттік кредит беруге 49 миллиард 900 миллион теңге бөлінсін», делінген құжатта.

Түсіндірілгендей, жоба ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзге де бюджеттік бағдарламалары шеңберінде бөлінген игерілмеген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Қаулы жобасы 26 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

«Отбасы банкі» АҚ елімізде тұрғын үй құрылыс депозиттеріне салымшылардың ақшасын тарту және оларға тұрғын үй қарыздарын беру арқылы халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асырады.