• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қазан, 2022

22,5 мың ресейлік Қазақстанда ресми еңбек етеді

165 рет
көрсетілді

Елімізде барлығы 22,5 мың Ресей Федерациясының азаматы ресми еңбек етеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елімізде барлығы 22,5 мың Ресей Федерациясының азаматы ресми жұмысқа орналасса, 2022 жылдың басынан бері 8 мың адам жұмыс істеп жатыр», деді министр.

Бұл ретте ведомство жалақысынан 10%-дық төлем жасайтындарды ғана есепке алып отыр. Олардың басым бөлігі қызмет көрсету (72%), өнеркәсіп (16%), құрылыс (9%) сынды салаларда жұмыс істейді. Мамандықтар бойынша көбі есепші, есеп менеджерлері, сатушылар, жүргізушілер. Осы орайда министр көрші елден келгендер мен жергілікті жұмыс күші арасында айтарлықтай бәсеке жоқ деп есептейді.

«Қызмет көрсету саласында олардың жалақысы бірдей», деді Тамара Дүйсенова.

 

Жансая ӘНУАР