Синоптиктер мәліметінше, еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан екпіні 25 м/с жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығыста жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.