Венесуэланың солтүстігіндегі Арагуа штатында дамылсыз жауған нөсер салдарынан сел мен көшкін жүріп, 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы журналистерге Венесуэланың ішкі істер және әділет министрі Ремихо Себальос мәлімдеді.
Сондай-ақ Лас-Техериас қаласында 8 қазаннан бері толассыз жауған жаңбырдың кесірінен 56 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Билік зардап шеккендерге 300 мың тонна азық-түлік тарата бастады. Ремихо Себальостың айтуынша, іздеу-құтқару жұмыстарына 1200 адам жұмылдырылған. Сонымен қатар ол 317 үй толығымен қирап, 757 үйге зақым келгенін хабарлады.