• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қазан, 2022

Кентауда 170-ке жуық адам астан уланды

364 рет
көрсетілді

Кентаудың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде 168 адам астан уланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Хабар 24» зардап шеккендер тағамның қай түрінен уланғаны зерттеліп жатқаны туралы хабарлады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап, қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар санэпидемиологтар объектіні тексеруден өткізді. Онда санитарлық талаптар сақталмағаны, қызметкерлердің медициналық тексеруден өткенін айғақтайтын құжаттар мен шикізат пен өнімнің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар жоқ болып шықты.

Қазіргі уақытта мекеменің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Айта кетсек, бұл кафеде улану жағдайлары бірнеше рет қайталанған. Өткен жылдың тамыз айында 8 адам ауруханаға жатқызылған еді.