Елордада Қазақстан кәсіподақтары күнін мерекелеуге арналған «Бірлік. Әділеттілік. Даму» Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының ынтымақтастық форумы өтті.
Форумға еліміздің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, облыстық кәсіподақ орталықтары мен салалық кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ көшбасшылары, халықаралық және әлеуметтік әріптестер, сондай-ақ Парламент депутаттары қатысты.
Іс-шара аясында кәсіподақ жұмысы қорытындыланды. Сондай-ақ Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясындағы міндеттерді одан әрі жүзеге асыруға қатысты мақсаттар мен нақты іс-шаралар белгіленді.
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ қауымдастығын Әділетті Қазақстанды құру жағдайындағы кәсіподақтарға арналған жаңа нұсқаулықтармен таныстырды.
«Біз бүгін жаңа тарихи кезеңнің – тәуелсіз Қазақстанның төртінші он жылдығының басында тұрмыз. Кәсіподақ көшбасшыларының бүгінгі форумының форматын да тарихи деуге болады. Кәсіподақтар федерациясы егемендік алғаннан бері өз қатарында 16 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымынан 2 миллионға жуық еңбеккерді біріктіріп отырған ең ірі қоғамдық ұйымға айналды.
Бірлік, әділеттілік, еңбек адамына құрмет – біздің іс-әрекеттеріміздің алгоритмі. Еңбек адамын құрметтеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау – 26 съезде қабылданған Кәсіподақтар федерациясы қызметінің стратегиясында көрініс тапқан біздің кәсіподақ ұйымдары қызметінің негізгі қағидасы. Біз оның өзектілігі мен уақтылығына бірқатар көз жеткіздік және барлық алаңда өз құндылықтарымызды насихаттаймыз», деді С.Дәулеталин.
Кәсіподақ көшбасшылары мен әлеу-меттік әріптестер қазіргі заманның сын-қатерлері, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету және заманауи кәсіподақтардың рөлі мәселелері тұрғысынан әлеуметтік диалогтің өзекті аспектілерін талқылады.
Форум алаңында «Еңбек адамын ұлықтау» медиа-байқауының және «Үздік техникалық инспектор-2021» және «Үздік шипажай» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Кәсіподақ белсенділерінің кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесін кәсіподақ марапаттады. Форумға қатысушылар еліміздің кәсіпорындары мен ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша кәсіподақ қызметін дамыту туралы қаулы қабылдады.