• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қазан, 2022

Қазақстандық майнерлер 1,4 млрд теңге салық төледі

315 рет
көрсетілді

Қаржы вице-министрі Ержан Бижанов Мәжілісте цифрлық майнингтен мемлекет бюджетіне қанша қаражат түскенін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ержан Бижанов майнерлер үшін екі салық енгізілгенін еске салды.

«Қосылған құн салығы бойынша біз белгілі бір төлемдерді аламыз. Айта кетсек, биыл екі салық енгізілді, соның ішінде цифрлық майнинг төлемі де бар. Қазіргі уақытта оны 100-ге жуық адам төлейді. Алты ай ішінде мемлекет бюджетіне 1,4 млрд теңге түсті. Бүгінгі таңда жалпы сома жарты жылда 8 млрд теңгеге жетті», деді ол.