• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қазан, 2022

Футзалдан Қазақстан құрамасы Черногорияны жеңді

293 рет
көрсетілді

Екі құрама арасындағы матч Подгорица қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің екінші ойынын сырт алаңда өткізіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Біздің құрамадан бұл ойында Лео, Эдсон, Арнольд Кнауб, Альберт Ақбалықов және Тайнан көзге түсті. Ал Черногория құрамасы Маркович соққан голмен жауап қайтарды.