Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына Салауат Өтеғұлов тағайындалды. Ол бұған дейін Индер ауданының әкімі қызметін атқарды.
Салауат Өтеғұлұлының екі жоғары білімі бар. Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Әлемдік экономика» және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқық» мамандығымен бітірген.
Ол 2001 - 2002 жылдар аралығында Индер ауданындағы «Есбол» АҚ-да слесарь, 2006 - 2007 жылдары Атырау облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының бас маманы болған.
Ал, 2007 - 2009 жылдары аралығында Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде уақытша бас маман, бас маман, 2009 - 2013 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
2013 - 2019 жылдары аралығында Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2019 - 2021 жылдары аралығында Индер ауданы әкімінің орынбасары, 2021 - 2022 жылдары Индер ауданының әкімі қызметін атқарды.