• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Ауа райы 13 Қазан, 2022

Еліміздің 5 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

227 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 5 өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде тұман болады. Ақтауда күндіз қатты жаңбыр жауады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жел соғып, екпіні 16 м/с дейін жетеді деп болжануда.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.