• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қаржы 13 Қазан, 2022

Инфляция өсе береді

208 рет
көрсетілді

Сарапшылардың инфляцияға қатысты пайым-болжамдары мәз емес. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері инфляция деңгейі соңғы бес жылда ең жоғары көрсеткішке көтерілгенін айтып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Бұл жолы да ҚҚҚ зерттеуі тәуелсіз сарапшылар, отандық банк, сақтандыру компаниялары, брокерлік ұйымдар қазынашылық бөлімшелер мамандарының пікіріне негізделіп, жасалған. Тарқатып айтқанда, Вrent маркалы мұнайдың бағасы, АҚШ долларының қазақ теңгесіне және ресейлік рубльге қатысты құны, инфляция, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі есепке алынған.

Сарапшылар бұл жолы «26 қазанға белгіленген кезекті отырысында Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысы қандай шара қолдануы мүмкін?» деген  бағытқа басымдық беріп отыр. Осыған дейін сарапшылардың 50%-ы базалық мөлшерлеменің көтерілуін күтсе, 43%-ы «бүгінгі деңгейде қалады» деп есептейді, тағы 7%-ы «мөлшерлеме төмендейді» деген пікірге басымдық беретіні белгілі болған.

Сондай-ақ отандық қаржыгерлер биыл қарашаның басында АҚШ долларының қазақ теңгесіне қатысты орташа бағамы $1–477,1 теңге деңгейінде қалыптасуы мүмкін екенін айтқан. Ал келесі жылғы көрсеткіш 496,4 теңге шамасында тұрақтайды деп күтілуде. Бұған дейнігі болжам 492 теңге болатын.

Ал мұнай бағасы алдағы 12 айда жоғары деңгейде қала бермек.

«Мұнайдың бағасы жоғары деңгейде қалады деген болжамдар еліміздің ЖІӨ динамикасына тиісті деңгейде әсер етпек. Сарапшылардың пайымынша, бір жылдан кейін ел экономикасы 3,2%-ға өсуі тиіс (ағымдағы көрсеткіш – 3,2%)», деп түйіндейді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары.