Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ақбөкендердің қырылуына қатысты сараптама жүргізіледі. Қоңырат және Жігер елді мекендерінен ақбөкендердің бес ұшасы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі оқиға орнында Жәнібек ауданы әкімінің орынбасарымен, жергілікті полиция және ветеринариялық мамандармен бірлесіп ішкі органдардан ақбөкендердің өлекселерінен сараптауға арналған сынама алынғанын атап өтті.
«Кейін өлекселер мал қорымының аумағында жойылды», делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында хабарлағандай, Қоңырат ауданының аумағында мүйізі бар ақбөкендердің екі ұшасы, Жігер ауданының аумағында ақбөкендердің үш ұшасы табылды.
23 тамызда Қазақстанда ақбөкендерді аулауға рұқсат етілетіні белгілі болды. Бұл ретте Экология министрлігінің басшысы Серікқали Брекешев бұл мәселе бойынша біржақты шешім қабылданбағанын, жұртшылықтан келіп түсетін түрлі нұсқалар қаралып жатқанын айтты.