• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Қазан, 2022

Сауда үлесі 1,4 пайызға өсті

264 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сүйенсек, елімізде өткен жылмен салыстырғанда сауда үлесі 1,4 пайызға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz. 

9 айдың қорытындысы бойынша сауда сомасы 10 трлн 625 млрд құраған. Ондағы азық-түлікке жататын тауарларының үлесі 36%, тұтынушы тауарлар – 64%.

Сауда жасағандардың басым бөлігі – Алматы, Астана, Қарағанды ​​және ШҚО тұрғындары. 

Сатып алынған тауарлардың көп бөлігі азық-түлік емес, тұтынушы тауарлар, атап айтқанда: жиһаздар, майлау материалдары, музыкалық аспаптар, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар, компьютерлер, аяқ киім, косметикалық тауарлар мен гигиена керек-жарақтары, сағат және зергерлік бұйымдар т.б.